jasqazaq.kz

Мереке Қалбаева: Күйеуіммен ажырасып тынайын деп тұрмын

23 қазан 2024, 15:28


Танымал жайдарманшы Мереке Қалбаева бүгінде басынан қиын кезең өтіп жатқанын айтып, желіде жан сырын ақтарды. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында айтты.

«Сау басыма сақина тілеп алдым. Биыл екі күннің бірінде жылаумен болдым. Арсен «Сенің қолыңнан бизнес жасау келмейді» деді. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым. Бірақ сәтсіздіктен көз ашпадым. Тауар сата алмай, қарызға кіре бердім. Жеті миллион теңгенің көлігін ұтысқа салып, өзім дымсыз қалдым. Мен бизнеске араласқалы үйімнің берекесі кетті. Жүрегімнің тыныштығы жоғалды. Күйеуімізбен арамыз суып кетті. Бәрін күйеуіме дәлелдеу үшін жасап едім, бекер болды», — деп жазды ол.

Мереке Қалбаева бірқатар сәтсіздіктен кейін бұл кәсіппен айналыспауды шешкен.

«Қолдаған жүректерге рақмет айтамын. Мен қолымнан келгенше әрекет еттім. Демек қайырлысы осы шығар?! Тоқтамай жалғастыра берейін десем Арсенмен ажырасып тынайын деп тұрмын. Сондықтан кейде артқа қадам жасау да көмектеседі. Өзім білмедім, білгеннің тілін алмадым. Әйелдер эмоцияға көп берілеміз, кез-келген істі ақылдасып шешуге тырысайық! Арсенді көп ренжіттім. Енді кешірім сұрау керек болып жүр. Оған да уақыт келер. Ал бізден жаңа сериалдар мен әндер күтіңіздер!», — деп жазды әзілкеш.

JQ-Aqparat

Фото: Жетінші арна

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде