jasqazaq.kz

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы басталды

15 мамыр 2025, 12:58

Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.

Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.
Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.
Байқау екі кезеңде өтеді:
1. Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.
Осы жылдар ішінде конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімдерін өңірлік комиссияларға жібере алады.

Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (7172) 74-13-47, 74-01-62

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі