jasqazaq.kz

«Мерейлі отбасы-2025» байқауына 3434 отбасы қатысады

18 маусым 2025, 15:40

«Мерейлі отбасы-2025» байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Биыл Қазақстандағы өнегелі отбасы мәртебесін иелену үшін 3434 үміткер бақ сынайды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ең көп өтінім Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Жетісу өңірінен түскен. Сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары да көшбасшылар қатарында. Ал Ұлытау, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары белсенділік таныта қоймаған.

Байқауға өтінімдер тек қатысушылар тарапынан ғана емес, 1711 отбасының кандидатурасын жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен еңбек ұжымдары да ұсынған.

Алда байқаудың аудандық, қалалық және облыстық кезеңдері өтеді.
Өңірлік кезең жеңімпаздары дәстүрлі түрде Отбасы күні қарсаңында елордада өтетін «Мерейлі отбасы» марапаттау рәсіміне қатысады. Жеңімпаздарға 1 миллион теңге сыйақы табысталады.

Ұлттық байқауға 11 жыл ішінде 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы