jasqazaq.kz

«Менің сұранысымнан кейін қор жабылды»: Заңгер Айгүл Орынбек Айнұр Тұрсынбаеваны сынады

24 шiлде 2025, 13:08

Танымал заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қорына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заң саласының маманы Перизат Қайрат басқаратын қор секілді айтыскер ақынның қорын да тексеруді талап етті.

“Айдын Нұрын қоры дәл Перизаттың қоры сияқты мұқият тексерілуі керек деп талап етемін.
Қанды Қаңтар оқиғасының алдында халықтан аямай ақша жиналды. Ал Қаңтардан кейін менің тексерсін деген сұранысыммен кейін артынша қор жабыла салды. Бұл үлкен күдік тудырады. Біздің елде саны көп, бірақ сапасы жоқ, бақылаусыз қорлар жетерлік. Кейбір әкімдер мен шенеуніктер тіпті кәсіпкерлерден “заңды түрде” ақша жинау үшін арнайы қор ашып алған. Яғни, параны айналып өтіп, қор арқылы алады. Қайырымдылықты желеу еткен жалған қорларды жабатын уақыт келді. Мемлекет қарапайым халықтың сенімін пайдаланып, ақша жымқыруға жол беріп отырғандарға нақты шара қолдануы тиіс”, – деп жазды заңгер.

 Фото: Stan.kz

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті