jasqazaq.kz

«Мен жұрт айтқандай эскортница емеспін». Желі шулатқан қыз мәлімдеме жасады (Видео)

05 қантар 2024, 11:45


Әнші Жазира Байырбекованың әнімен ұзатылған Керім-Сұлу Найманбаева әлеуметтік желіні шулатқан видеоға қатысты жеке парақшасында жауап берді.

«Менің ұзату тойым қоғамның назарын аударады деп ойламадым. Мен жұрт айтқандай эскортница емеспін, ішпеймін, шекпеймін. Бұрын тұрмыста болмағам. Ешқашан жаман тірлік жасамағанмын. Мұның бәрін мені мақтасын деп емес, мен туралы қауесетті таратпасын деп айтып отырмын.

Құдайға шүкір, толыққанды отбасынан шыққанмын. Көзім ашық, көкірегім ояу, тәрбие көргенмін. Қазақпын, қазақша сөйлеймін. Тойымда Жазира Байырбекованың ұзатқанын өзім қаладым. Ұлттық киімді ұзату тойымда кигім келмеді, шынымды айтайын. Сәукеле киер едім, тек келбетіме жараспады, содан кимедім.

Тойдағы ең әсерлі сәт – әкеммен вальс болды. Папам жылаған кезде жүрегім езілді, өзімді әрең ұстадым. Видеода әкем «қызымның омырауы бар екен, көрініп тұр екен» деп жылап жатқан жоқ. «Қызым бойжетіп, үйден кетейін деп жатыр» деп қимастықтан көңілі босап, жылап жатыр. Осы жұрт неге біреудің қуанышына ортақтаса алмайды?! Мен не киіп шықтым, кімге күйеуге тидім, сіздерге оның қатысы қанша? Мені сынамас бұрын өздеріңе қарап алыңдар!», — деді Керім-Сұлу.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KYN.KZ ақпарат агенттігі (@kyn.kz)


JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі