jasqazaq.kz

Меморандум: Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығы артады

18 мамыр 2023, 10:26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қытай тарапы сауда-экономикалық зерттеулер саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты мәлім етті. Меморандум Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейде одан әрі ілгерілетуге және дамытуға, оның ішінде екі елдің ғылыми ұйымдары арасындағы әріптестік байланыстарды үйлестіруге бағытталған. Құжатқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен ҚХР Коммерция министрі Ван Вэньтао қол қойды.

Құжат «Сауда-экономикалық стратегиялар орталығы» қоғамдық қоры (Қазақстан) мен ҚХР коммерция министрлігінің халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық академиясы арасында қажетті зерттеулер, бірлескен талдамалық және басқа да шолулар жүргізуді, озық тәжірибе мен ақпарат алмасуды көздейді. Зерттеу бағыттары – бизнес-ортаны жақсарту тұрғысынан екіжақты сауда, электрондық коммерцияны, Қазақстан мен Қытайдың транзиттік және логистикалық әлеуетін дамыту, арнайы экономикалық аймақтар институтын жетілдіру, «жасыл» даму, жаңа энергетика және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басқа да маңызды мәселелері.

Сондай-ақ, өзара түсіністік туралы меморандум сауда-экономикалық зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты ынталандыруға ықпал етуге және өзара сауданың әлеуетін арттырудың тәсілдері мен тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеуге, инновациялық дамуға жәрдемдесуге, жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған және басқа да бірлескен іс-шараларды өткізу мүмкіндігі қамтылған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі