jasqazaq.kz

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілері тексеруге алынды

26 сәуiр 2017, 12:00

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желідегі жарияланымдары тексерілетінін мәлімдеді.

«Этика кодексінде мемлекеттік қызметшілер қоғамның сынын туғызуға жол бермеуі шарт делінген. Біздің көзқарасымыз бойынша, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін фото, бейнематериалдардың жариялануы біздің іске кірісуімізге және ол жарияланымды өшіруге немесе көпшілік назарынан алып тастауын сұрауымызға негіз бола алады», — деді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы Қуаныш Жапақов. Департамент басшысының айтуынша, ондай жазбаларға мемлекеттік қызметшілердің түрлі кештердегі немесе өзге де орындардағы әдепсіз, мас күйіндегі, кальян және өзге де тыйым салынған заттарды тұтыну кезіндегі фото және бейнетүсірілімдері жатады. Сонымен қатар деструктивті діни ағым ақпараттары бар жазбаларға «лайк» басу мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жазаға тартылуына әкеп соқтыруы мүмкін. «Мысалға, наурыз айында мемлекеттік органдарға мониторинг жасалды. Оның барысында инвестициялар және даму министрлігінің, қорғаныс және әуеғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірқатар қызметкерлерінің аккаунттарынан мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін жекелеген материалдар анықталды. Бұл жазбаларды өшіруге және аталмыш материалдарды жариялаған қызметкерлердің ісін тәртіптік комиссияда қарау жөнінде мәліметтер жолданды. ҚазАқпарат хабарлағандай, Сәуірде жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің аккаунттарына мониторинг жүргізілуде», — деді ол.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде