jasqazaq.kz

Мемлекеттік шекараны мектеп оқушылары да күзетіп жүр

26 қыркүйек 2016, 5:22

20160926030202

Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің шекарасын қорғау ісіне мектеп оқушылары да қолғабыс етуде.

«Хабар-24» телеарнасының хабарлауынша, Сарыағаш ауданында шекарашылардың жас достары қозғалысы қайта жанданған. Қазіргі таңда үйірмелер мектеп жанынан құрылып, онда оқушыларды әскери қызметке баулуда. Халық белсенділеріне тіпті арнайы куәліктер де берілген.

Жасөспірімдер болса, шекара заңдарын бұзушыны ұстауға қолғабыс етуде. Бірде шекара маңында күдікті адамды көрген оқушылар бұл ақпаратты ересек азаматтарға жеткізген. Нәтижесінде ауыр қылмыс жасағаны үшін интерпол іздеп жүрген қылмыскер қолға түсті.

Тағы бір оқиға Қапланбек ауылында болды. Мектеп оқушысы белгісіз азаматтың заңсыз шекара асқалы жүргенін байқап қалап, дереу қажетті жерге хабар берген. Бұл заң бұзушы да ұсталды.

«Бүгін біз жасөспірім шекарашыларға куәліктерін бердік. Бұл — өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Біздің жауынгерлеріміз әрине, қашанда сақ. Алайда, бізге балалардың да көмектесуге дайын екендіктерін көріп отырмыз. Ендеше олардың ниеттерін неге қабыл алмасқа. Біз олармен бірге өте көп патриоттық шаралар ұйымдастырамыз»,-деді шекара комендатурасы комендантының орынбасары Ғалымжан Әбенов.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде