jasqazaq.kz

Мемлекеттік органдар заң нормаларын орысша дайындап, Google Translate арқылы қазақшаға аударады

29 қыркүйек 2023, 12:58

 

Әділет министрі Азамат Есқараев ведомствода заң нормаларын мемлекеттік тілде жазу қолға алынғанын айтты.

«Расында да мемлекеттік органдар заң жобасын алдымен орысша дайындап, одан кейін Google Translate қосымшасы арқылы мемлекеттік тілге аудара салады. Әрине, мемлекеттік тілдегі ондай мәтінде қандай сапа болмақ? Бұл мүлдем келісуге болмайтын жайт. Бұл өзі біраз жыл бойы көтеріліп келе жатқан өзекті мәселе болып тұр. Сондықтан осы мәселені алқа мәжілісінде арнайы көтердім. Қазіргі уақытта заң жобалауға бастамашылық жасайтын мемлекеттік органдарға заң нормаларын ең алдымен, қазақ тілінде жазып, одан кейін қажет болса басқа тілге аударуды ұсынып жатырмыз», — деді Азамат Есқараев.

Министр басқа мемлекеттік органдарға заң нормаларын қазақ тілінде жазуды талап ете алмайтындықтарын, тек ұсыныс беретіндіктерін атап өтті.

«Ал Әділет министрлігінде қолға алдық. Мысалы, өзіміздің ведомстволық топта Қылмыстық кодекске, Қылмыстық-процессуалдық кодекске өзгертулер енгізуді мемлекеттік тілде әзірлеуді қолға алып отырмыз», – деді ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі