jasqazaq.kz

Мемлекеттік қызметшілердің ротациясы – кадрлық дамудың жаңа бағыты

26 мамыр 2025, 18:24

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жұмыстары белсенді түрде жүріп келеді. Солардың бірі – мемлекеттік қызметшілерді ротациялау тетігі.
Бұл – мемлекеттік қызметшіні белгілі бір уақыт өткен соң басқа аймаққа немесе мемлекеттік органға ауыстыру арқылы кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шара.
Осы орайда, Президенттің 2024 жылғы 30 қазандағы № 687 Жарлығымен «Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына» өзгерістер енгізіліп, ротацияға жататын «Б» корпусы қызметшілерінің санаттарының шеңбері кеңейтілді.
Атап айтқанда, өңірлерде С-О-2 (департамент, инспекция басшыларының орынбасарлары),
D-O-2 (облыс әкімдігіне қарасты басқарма басшыларының орынбасарлары) және Е-1 (қала аудан әкімдерінің орынбасарлары) санаттарындағы лауазым иелері де міндетті ротацияға еніп отыр.
Жалпы, ротацияның басты артықшылығы – қызметшінің тек бір салада емес, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарда жұмыс істеп, жан-жақты тәжірибе жинауына мүмкіндік береді және болашақта басқарушы кадрлар үшін маңызды дайындық мектебі.
Сонымен қатар, ротация сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтуға өз септігін тигізеді. Себебі, бір орында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген адам сол ортада қалыптасқан байланыстардың ықпалына түсуі мүмкін. Ал ротация бұл жағдайды өзгертіп, жаңа ортада жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
Осы орайда, өткен жылы ротациялау заңнамаларына енгізілген өзгерістерден кейін, облыстағы жергілікті атқарушы органдарда D-O-2 санаты бойынша 7 басқарма басшысының орынбасары, E-1 санаты бойынша 16 қала, аудан әкімдері орынбасарларының ротациялануына қатысты жұмыстар жүргізілді.
Әрине, бұл жүйенің кейбір қиындықтары да жоқ емес. Қызметкер отбасымен басқа қалаға көшуі тиіс болғанда, әлеуметтік мәселелер туындайды. Жаңа ортаға бейімделу де оңай емес. Сондықтан ротацияны іске асыруда қызметшінің әлеуметтік жағдайын ескеру маңызды.
Дегенмен, мемлекет бұл мәселелерді назардан тыс қалдырмай, ротацияға ұшыраған қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын енгізді.
Соның ішінде, ротацияланған қызметшіге ротациялық төлем жүргізу үшін Үкіметтің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 499 қаулысымен «Басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге берілетін ротациялық төлемдердің мөлшерін есептеу, оларды тағауындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтату тұру және қайта бастау қағидалары бекітілген. Демек, ротацияланған қызметшіге ротациялық төлемдер осы қағидада белгіленген тәртіппен жүзеге асыралады.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау – заманауи мемлекеттік аппарат қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Бұл – кәсіби өсуге, тәжірибе алмасуға, жемқорлыққа қарсы күреске тиімді құрал. Ең бастысы – бұл бастаманың адам факторын ескеріп, әділ әрі ашық түрде жүзеге асырылуы.

Абылайхан Наурызбаев,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы 

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста