jasqazaq.kz

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

22 маусым 2023, 10:08


Мемлекеттік қызметші – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Еліміздің өркендеуі, дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отан сүйгіштігіне, білімі мен біліктілігіне байланысты. Себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты. Сол себепті де қоғамда мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктелген. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Сондықтан, мемлекет мүддесіне қызмет ету қашанда оңай емес екенін ескерсек, мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптың да жоғары екендігі айтпаса да түсінікті.
2013 жылдың желтоқсанында елімізде «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» болып бекітілген болатын. Содан бері жыл сайын мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтуде. Биыл оныншы жыл кәсіби мереке аталып өтілмек.
Осы орайда, тәуелсіз елімізді өркендету жолында еңбек етіп жатқан барша әріптестерімізді төл мерекемен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметте абырой, еңбектеріне жеміс, қиындығы мен жауапкершілігі мол жұмыста табандылық пен төзімділік тілеймін!

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар
саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Жомарт Зұлпыхар

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі