jasqazaq.kz

Мемлекеттік қолдаудан кейін қарқынды баулардың өнімділігі артты

30 маусым 2023, 17:24

Шымкентте алма теру науқаны қызу жүруде. Қала халқын жергілікті өніммен қамтамасыз ету мақсатында еселі еңбек етіп жатқан серіктестіктің бірі Алтын төбе елдімекенінде орналасқан «Керемет Сапа» шаруашылығы. Аталған серіктестік 15 гектар жерде алма өсіруде.

Алманың голден, пинк леди, гренни смит, фуджи секілді ерекше сұрыптары отырғызылған. Өнімдер ішкі нарыққа, яғни қаладағы сауда нүктелерінде сатылуда. Мекеме мемлекеттік бағдарлама аясында субсидияланып, 2021 жылыц техникалары мен құрал-жабдықтарын жаңартқан.

Сондай-ақ, 2022-2023 жылдар аралығында жылына 10 млн. банка шығаратын жеміс-көкөністі қайта өңдеу цехын және 2 000 тоннаға дейін жеміс-көкөністі сақтайтын қойма салуды жоспарлап отыр. 1,5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба іске асқанда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Елімізде пектин ұнтағын шығаратын ең алғашқы кәсіпорын Шымкентте іске қосылған. Кәсіпорын Алтынтөбе елді мекенінде орналасқан жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорын «Алан и Компания» ЖШС- не тиесілі. 2018 жылы құрылған кәсіпорын 2020 жылдан бастап қарқынды бау егумен айналысып келеді. Бүгінде мекеме иелігіндегі 45 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен қарқынды бау егілген. Оның 39,5 гектарында алма, 2 гектарында шабдалы, 2 гектарында алмұрт және 1,5 гектарында жүзім өсіріледі. 2021 жылы кәсіпорын жеміс-көкөністі қайта өңдеу зауытының құрылысын толығымен аяқтап, өткен жылы зауыттың жұмысы толығымен іске қосылды.

Кәсіпорынға «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Инвестиция көлемі 1 200 млн. теңгені құрайтын жобаның қуаттылығы сағатына 7 тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеп, тосап (джем), шырын сияқты дайын өнімдер шығарылуда. Сонымен бірге 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее