
Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында 73,9 мың бас ірі қара, 15,4 мың бас жылқы, 82,5 мың бас ұсақ мал, 3,1 мың бас шошқа және 877,1 мың үй құсы тіркелген. Осының ішінде мыңнан аса асыл тұқымды ірі қара мал бар.
«ШҚ Эгамназаров» қожалығында қазір 300-ден аса асыл тұқымды ірі қара бар. Асыл тұқымды сиырлардан сауылып жатқан сүттің майлылығы 4,5-4,8 пайызға жетеді. Кәсіпкердің айтуынша, бұл қаладағы ең майлы, әрі сапалы сүт екен. Фермадан тәулігіне 1,7- 2 тонна аралығында сүт автомат-робот сауыншының көмегімен сауылады.
– Мемлекеттен субсидия берілгеннен кейін 70 бас ірі қараны, 2021 жылы тағы 35 бас асыл тұқымды сиыр әкелдік. Қазір алғаш 2019 жылы әкелген сиырлардың басы көбейіп жатыр. Жуырда көрші Ресейден «Қызылдалалық» асыл тұқымды сүтті сиырларды сатып алдық. Бұл сиырдың ерекшелігі ауруға төзімді, ветеринарлардың көмегінсіз табиғи жолмен өзі төлдей алады. Ал, голштино-фриз сиырларын төлдету мамандардың көмегімен жүзеге асырылады, – деді «ШҚ Эгамназаров» қожалығының егесі Каримжан Ибрагимұлы.
Қала аумағында егістік пен жайылымды жерлердің қысқарғанына қарамай Шымкент қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығына қатысты жоспарларды жүзеге асыруды тоқтатпақ емес. Сондықтан, өнім көлемін арттыру мақсатында мал шаруашылығына, оның ішінде сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қараның басын көбейту көзделген. Қазіргі таңда қала аумағында 73,9 мың бас ірі қара, 15,4 мың бас жылқы, 82,5 мың бас ұсақ мал, 3,1 мың бас шошқа және 877,1 мың үй құсы тіркелген. Осының ішінде мыңнан аса асыл тұқымды ірі қара мал бар. Мал шаруашылығын дамыту үшін 1 млрд теңгеден астам мемлекеттік қолдау бөлінген. Оның ішінде 185,1 млн теңгесі малдың жем-шөбіне беріледі. Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, биыл 9,1 мың тонна ет, 52,3 мың тонна сүт және 154,0 млн дана жұмыртқа өндіруді жоспарланып отыр.
Еліміздің күнгей аймағының шөбі шүйгін, сиыры сүтті келеді. «ШҚ Эгамназаров» басшысы Каримжан Ибрагимұлы Голландиядан сиыр әкелуге барғанда, сол жақтың мамандары кәсіпкерге осылай депті.
– Асыл тұқымды сүтті сиырды атып алу үшін 2019 жылы Германияға бардық. Ол жақтың мамандары Қазақстанның оңтүстігі жылы болғандықтан шөбі құнарлы дейді. Біз көздеген голштино-фриз сиырлары ол жақта тәулігіне 35-40 литр сүт берсе, біздің жылы аймақта бабын жасаса 50 литрге дейін сүт береді, деді шет елдік мамандар. Айтқандай малдарды өңірге әкеле салысымен оңай жерсініп, түрлі ауруларға төзімді келді, – дейді кәсіпкер.
Мерей Әлімбек