jasqazaq.kz

Мемлекеттік бағдарлама аясында ипотека рәсімдеген 100 азаматқа сатып алу келісім шарты табысталды

27 мамыр 2023, 19:06

Аталған тұрғын үйлер Нұрсәт шағын ауданында орналасқан.

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған және «5-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеген 100 азаматқа тұрғын үй басқармасының мамандары пәтердің сатып алу келісім шартын табыстады. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы санатындағы азаматтар бар.

Аталған тұрғын үйлер Нұрсәт шағын ауданында орналасқан №152,153,154,155-ші үйлер. Аталған тұрғын үйлер бойынша келісім шарт жасаспаған азаматтар болса, қалалық Тұрғын үй басқармасына келіп сатып алу келісім шартын жасаса алады.

Бұдан бөлек, Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы баспанаға қол жеткізген болатын. Оның ішінде, 1079 пәтер «5-20-25» бағдарламасы бойынша, 250 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша рәсімделген.

Айта кетейік, Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама «Шаңырақ» бағыты бойынша конкурс өткізіледі. Аталған бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 23.05.2023 жылдан бастап сағат 10:00-ден 31.05.2023 жылдың 19:00-ге дейін жүргізілетін болады. Конкурстық пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйлерде орналасқан 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер.

Шаңырақ бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтар қатыса алады. Бағдарлама бойынша 10% бастапқы жарнаны толтырып, жылына 5% мөлшермен 20 жылға несие алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, аталған бағыт шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады. Конкурстық іріктеу мерзімі Отбасы банкпен төлем қабілеттілігін бағалау брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции