jasqazaq.kz

Мемлекетке қайтарылған активтер: Риддердегі аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

20 қараша 2024, 9:35

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Риддердегі аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражаттан Риддер қаласындағы 200 орындық стационары мен бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емханасы бар көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28,2 млрд теңге бөлінді. Үкімет 2021 жылы басталған аурухана кешенінің құрылысын аяқтау үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Жобаның жалпы құны – 34,8 млрд теңге, қазіргі уақытта 6,6 млрд теңге игерілді, оның ішінде 2 млрд теңге республикалық бюджеттен, 4,6 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінген. Қалған қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінеді.

«Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Олжас Бектеновке құрылыс алаңын қарау кезінде жұмысты аяқтау үшін жобаны қаржыландыру қажеттілігі туралы баяндалған болатын. Қабылданған шаралар әлеуметтік маңызы бар объектінің «сақалды құрылыс» тізіміне енуіне жол бермеуге және тұрғындарды сапалы және қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аурухана кешенінің ашылуы демографиялық жүктемесі жоғары моноқала үшін өте маңызды. Риддердің халқы 55 мың адамды құрайды, оның 22,7%-ы 60 жастан асқан. Қаланың әр түкпіріндегі 12 ғимаратта орналасқан жалғыз аурухана кешенінің ғимараттары 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Нысандар ескірген және қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді. Сонымен қатар халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қосымша кардиологиялық, инсульттік, травматологиялық және күйік төсектерін ашу қажет» — делінген хабарламада.

Жаңа көпсалалы кешеннің жалпы ауданы – 40 мың м2. Аурухана сараптамалық кластағы медициналық жабдықтармен жабдықталады. Мұнда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейтін болады.

JQ-Aqparat

Сурет: Ustinka.kz/Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі