jasqazaq.kz

Мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматтар ұсталды

17 қараша 2023, 12:04

15 қарашада рейдтік іс-шара барысында құрылыс нысандарының бірінде тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Тәжікстан Республикасының үш азаматы ұсталды.

Аталған азаматтар жеке басын анықтау үшін көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді.
«Деректер базасы бойынша тексеру кезінде үш шетелдіктің Қазақстанға жеке мақсатпен келгені анықталды. Сондай-ақ 22 жастағы шетелдік осы жылдың шілде айында Ресей Федерациясы ІІМ-нің кісі өлтіргені үшін Челябинск қаласы бойынша мемлекетаралық іздестіруге жарияланғаны анықталды. Ұсталғаны туралы іздестіру бастамашыларына хабарланды», – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, екі шетелдікке қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 5-бөлігінің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі