jasqazaq.kz

Мемлекет жалдау ақысын субсидиялайды: Шымкентте жалдау төлемінен үміттілер көп

26 сәуiр 2023, 9:44

Мемлекет тарапынан халықты тұрғын үймен қамтуда елімізде түрлі бастамалар жүзеге асып отыр. Игі жобалардың арқасында жыл сайын қаншама баспанасыз жүрген азаматтар қоныс тойын тойлауда. Ал, пәтерлі болудың әрекетінде жүріп, өздері жалдамалы үйді паналап отырған халықтың жағдайын да мемлекет ұмыт қалдырған жоқ. Жалдау төлемінің тең жартысына субсидия қаралып, бұл өз баспанасына қол жеткізгенше демеу болып отыр. Шымкент қаласында осы бағдарламамен 572 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп жатыр екен. Ол үшін қалалық Amanat партиясының ғимаратында «Отбасы Банктің» кеңес алу орны ашылып, мамандар күнделікті тұрғындарға бағыт-бағдар береді. Аталған бағдарлама үшінші мегаполисте қалай іске асуда?

Кеңес алу орталығына күнделікті 30-ға жуық қала тұрғыны мамандардан кеңес алып қана қоймай, жалдау ақысын субсидиялауға өтінім береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан бағдарлама жекелеген азаматтардың түйіткілді мәселесінің шешілуіне оң әсерін беруде. «Отбасы банк» кеңсесінің аға-кеңесшісі Индира Мамыртаеваның айтуынша, кеңес сұрап келушілердің басым бөлігі көпбалалы отбасылар.

– Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына кезекте тұрған І-ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар қатыса алады. Баспана ақысын субсидиялау үшін үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 40 567 теңгеден аспауы тиіс. Сонымен бірге, үміткердің «Отбасы банкте» депозиттік шоты болуы керек. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе Otbasy bank мобильді қосымшасы арқылы шот аша алады. Субсидия алуға өтінімдер пәтер иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦК) көмегімен otbasy­bank.kz сайтында онлайн алады. Ол үшін үйдің иесі төлемдерді алуға арналған өтінім мен дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беруі керек. Және, ЭЦК көмегімен қол қою тиіс. Жүйе деректерді қайта тексеріп, үміткердің субсидия алуға берген өтінімін мақұлдайды,- дейді аға-кеңесші.

Мұнда келушілер арасында үй кезегіне тіркелмегендер де бар. Кейде керісінше, үй кезегіне тіркелгенімен жалдап отырған үйінің тең жартысын субсидиялауда белгіленген ережеге сәйкес келмейтін жағдай да орын алады екен. Мемлекет тарапынан берілетін субсидия барлығына бірдей емес, жекелеген азаматтарға ғана қаралғанын айта кеткеніміз жөн. Жалдау төлемі әр шаршы метрге 2412 теңге болып бекітілген. Осылайша ең жоғары шектік көлем 80 шаршы метрге дейін болуы керек. Мәселен, 80*2412=192 960 мың теңгені құрайды. Үміткер жалдап отырған баспананың ауданы 100 шаршы метр болса да, оның 80 шаршы метрінің тең жарты қаражаты ғана субсидияланады.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата