jasqazaq.kz

Мемлекет қазынасына 552 миллиард теңге қайтты

08 қараша 2024, 9:03


Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң субъектілерінің жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аудару және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдерін мақұлдады. Қаржыны Арнаулы мемлекеттік қорға аударумен қатар, Заң субъектілері еесебінен үш нысанның құрылысы мақұлданды. Олар: Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс. Биылғы жылдың басынан бастап Комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы басталды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұған дейін, Президент тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан Ақмола облысындағы Зеренді ауылында спорттық кешен және Түркістан облысындағы Темірлан ауылында музыка мектебінің құрылысына қаражат бөлінді.
Комиссия жұмысы жалғасуда.

JQ-Aqparat

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі