jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

23 мамыр 2025, 17:14

Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ермек Сағымбаев қазіргі уақытта 43 адам лаңкестік пен діни экстремизм бабы бойынша сотталғанын, 34 азамат тергеліп жатқанын баяндады.
Сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қатысы бар 212 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне жол берілмеді.
Радикалды ұйымдарға мүше 1498 шетелдік адамның елімізге келуіне шектеу қойылды. Террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген 12 шетелдік азамат ұсталды.
Қылмысқа қарсы күрес бойынша 13 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, олардың 142 мүшесі ұсталған. 40 азамат тұтқындалып,
заңсыз айналымда жүрген 282 атыс қаруы, 48 граната мен 4586 оқ-дәрі тәркіленген.
Есірткі өндіретін 12 зертхана, сондай-ақ 13 халықаралық және 12 өңірлік тасымал арнасы жойылған.
Заңсыз айналымнан 3,2 тонна есірткі мен психотропты заттар, 7,5 тонна прекурсорлар алынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша
жемқорлық пен құқыққа қайшы басқа да әрекет жасаған мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін 15 лауазымды тұлға құрықталды.
1,6 триллионнан аса теңге көлемінде мемлекетке келтірілетін залалға тосқауыл қойылып, оның 220 млрд теңгесі қазынаға қайтарылды.
Шекара және киберқауіпсіздік бойынша шекараны бұзған 16 мыңнан астам адам ұсталып, 3025 тұлға елден шығарылды.
Қару-жарақ пен оқ-дәрі, есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 600-ден аса факті әшкереленді,
Шекара арқылы 11 млрд теңге мен құны 16,6 млрд теңге болатын тауарларды заңсыз алып өтуге жол берілмеді,
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жасалған 796 миллион кибершабуыл әшкереленген.
Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы