jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусын аралап көрді

05 маусым 2024, 16:27

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми онкология орталығындағы жаңа корпустың құрылыс барысымен танысты. Нысан биыл тамыз айында пайдалануға беріледі. Aqorda хабарлағандай, ғимараттың жалпы ауданы 58 мың шаршы метрден асады. Мұндағы стационар 210 төсек-орынға есептелген. Оның ішінде 24 орын анестезиология, жансақтаужәне интенсивті терапия бөлімдеріне, 150 орын күндізгі стационарға арналған. Жоспарға сәйкес бұл ауруханада жыл сайын 6 мың науқас емделе алады.

Мемлекет басшысына жаңа корпуста қатерлі ісіктерді диагностика жасауға және емдеуге қатысты әлемдік бірегей технологиялар шоғырланатыны жөнінде мәлімет берілді. Мұнда ғылыми зерттеулер жүргізіп, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен білім беру тәжірибелерін жүзеге асыруға жағдай жасалады.

Жаңа корпус ашылғаннан кейін бұл орталық онкологиялық көмек көрсету бойынша интеграцияланған модель құру ісінде ұлттық үйлестірушіге айналады. Аталған бастамада денсаулық сақтау жүйесіндегі алғашқы буыннан бастап онкологиялық ауруларды емдеуге маманданған барлық медициналық мекеме қамтылады.
Сонымен қатар стационарда бас және мойын онкологиясы, торакальды және абдоминальды онкология, онкоурология, маммология, онкогинекология, остеоонкология және онкогематология орталықтарын ашу қарастырылған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство