jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты

16 қыркүйек 2025, 21:28

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қосшы қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл – тұрғындар көптен күткен маңызды жоба.

Құрылыс жұмыстары былтыр мамыр айында басталған болатын. Газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асып жатыр.

Бүгін қаланы газбен қамтудың бірінші кезеңі толық аяқталып, 79 көшенің 31 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Енді осы тұрғындардың кез келгені «QazaqGaz Aimaq» АҚ тарапынан дербес түрде техникалық шарт алып, тиісті құрылғылармен жабдықталғаннан кейін газбен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, қаланы газдандырудың екінші кезеңі 2026 жылдың ІІ тоқсанында аяқталып, 50-ден астам көшенінің тұрғындарын қамтиды.

Ал үшінші кезең аясында келесі жылдың ІІІ тоқсанында қаланың 11 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтылады.

Газбен қамту жұмыстары тұрғындардың тұрмысын жақсартып қана қоймай, электр мен жылу желілеріне түсетін жүктемені азайтады, сондай-ақ орталық жылу қазандығының жұмысын жеңілдетеді.

JQ-Aqparat

Сурет: Қосшы қаласының әкімдігі

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті