jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы: Менің негізгі миссиям – қазіргі алмағайып кезеңде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту

26 қыркүйек 2025, 15:31

Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттың негізгі мақсат-міндеттері жайындағы ойымен бөлісті. деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

– Менің негізгі миссиям – қазіргі алмағайып кезеңде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлеуметтік-экономикалық дамудың берік іргетасын қалау. Бұл туралы ұдайы айтып келемін. Менің барлық шешімдерім осы өзекті міндеттерді іске асыруға бағытталған. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу – іргелі әрі ұзақ процесс. Оның әлем экономикасына жанама әсерлері мен ықпалын мұқият зерделеп, анықтау қажет. Алайда бұл технологиялық үрдіс бүкіл халықтар мен мемлекеттердің келешегін айқындайды. Бұл салада қатып қалған қағида жоқ. Сондықтан біз жылдам қимылдап, ең батыл шешімдер қабылдаудан қорықпауымыз қажет. Сонда ғана біз өзімізге жүктелген тарихи миссияны орындай аламыз, яғни қалыптасып жатқан жаңа әлемнен лайықты орнымызды аламыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, атом саласының ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейту ісінде халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор.

– Бұл бағытта біз жақсы нәтижеге қол жеткіздік деп айтуға болады. МАГАТЭ, Біріккен ядролық зерттеулер институты (Ресей), Бүкіләлемдік ядролық университет (АҚШ), Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы (CERN, Швейцария) және басқа да танымал ғылыми мекемелермен тиімді серіктестік жолға қойылды. Ғалымдарымыз термоядролық синтез, ядролық материалтану, радиациялық технология салаларындағы жаһандық ғылыми жобаларға атсалысуда. Мұндай халықаралық маңызды бастамаларға қатысу біздің ядролық ғылымның әлеуетін көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге инвестиция тартуға, бірегей технология мен білім трансферіне септігін тигізеді. Үкімет ядролық ғылым саласындағы халықаралық әріптестікті күшейте түсуі керек. Сондай-ақ Қазақстанның көпжақты зерттеу жұмыстарына қатысу мәселесін пысықтауға тиіс. Атом энергиясы жөніндегі агенттік атом ғылымын дамыту үшін ұзақ мерзімге арналған ғылыми-техникалық бағдарлама әзірлеуі керек. Құжатта оны қаржыландырудың нақты жолдары көрсетілуге тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында