jasqazaq.kz

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

19 желтоқсан 2023, 15:11

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көп адамның мерт болуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты. Aqorda.resmi Телеграм-каналы жариялаған жеделхатта:
«Еліңіздің Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте Сізге және табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айта отырып, Қытай халқының қайғы-қасіретіне қазақстандықтар ортақ екенін жеткіземін. Зілзала кезінде зардап шеккен жандар тез арада сауығып, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектеспін», – деп жазылған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі