jasqazaq.kz

Елбасы Алматы әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады

25 шiлде 2016, 15:35

20160725150220

Мемлекет басшысы Алматы әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Б.Байбек Елбасына қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, құрылыс жұмыстары мен әлеуметтік маңызды нысандарды ашу ісін кестеге сәйкес жүргізу қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға сапалы дайындалып, өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Алматы — еліміздегі ең ірі қала. Республика бойынша атқарылатын барлық жұмыс оның дамуына әсер етеді әрі тұрғындарына көрініп тұрады. Биыл қаланың 1000 жылдығы мерекеленеді, келесі жылы — Қысқы Универсиада-2017 өткізіледі. Бұлар — ірі мемлекеттік іс-шаралар. Оларды іске асыру үшін орасан жұмыс атқару қажет. Сондай-ақ қаланың күзгі-қысқы кезеңіне дайындықты бүгіннен бастау керек. Өткен кездесуде мен бірқатар тапсырма берген болатынмын, олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

«Қазіргі кезде қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар көлемі 45%-ке өсті. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 15 мың жаңа жұмыс орнын ашуға қаражат бөлінді. Бұдан бөлек, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жөнінде бизнеспен тығыз жұмыс жүргізілуде. Бүгінде жалпы құны 40 млрд теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойылды. Соның аясында бірнеше әлеуметтік нысандар ашу жоспарланып отыр», — деді Алматы қаласының әкімі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде