jasqazaq.kz

Мектептен ноутбук ұрлағандар ұсталды

12 тамыз 2016, 16:11

Ордабасы аудандық ішкі істер басқарамысының қызметкерлері жергілікті мектептердің бірінде ноутбук ұрлаған екі күдіктіні құрықтады. Олар 18 және 21 жастағы Ордабасы ауданының екі тұрғыны екені белгілі болды.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл шілде айының ортасында Бадам ауылында орналасқан білім беру орталығының директоры белгісіз біреулер мектепке кіріп, компьютерлік сыныптан 10 ноутбук ұрлап, 1 миллион теңге көлемінде шығын келтіргені туралы полицияға арызданған болатын.

Ордабасы аудандық ішкі істер басқармасының полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы кезінде екі күдікті — 1995 және 1998 жылдары туылған жергілікті екі тұрғын құрықталды, олар кінәларын толық мойындады.

Тергеу анықтағандай, жас азаматтар мектептің терезесі арқылы ішке еніп, компьютерлік сыныптың шығар есігін бұзып 10 ноутбукті ұрлаған. Ұрланған ноутбуктерді Шымкент және Алматы қаласына апарып сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы, яғни «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айғақты зат ретінде екі ноутбук тәркіленді. Күдіктілер кепілмен шығарылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде