jasqazaq.kz

Мектептегі жарылыстан мұғалім көз жұмды

27 ақпан 2017, 16:31

Шымкентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектепте дәнекерлеу жұмысын істеймін деп ажал құшты. Қайғылы оқиға 26 ақпан күні №4 мектепте орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жұмыс кезінде жарылыс болып, педагог ауыр жараланған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмапты.

caravan.kz хабарлағандай, бүгін аталған жайтты ОҚО ТЖД мамандары растады. Анықталғандай, мектептегі дәнекерлеу жұмыстары кезінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі опат болған.

«26 ақпан күні сағат 13:30 шамасында Қалдаяқов 37 мекенжайында орналасқан Досмұхамедов атындағы №4 орта мектепте дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында 1982 жылы туған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ауыр жараланып, ауруханада көз жұмды», — делінген ОҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда ОҚО Ішкі істер департаменті осы жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 3-тармағы бойынша іс қозғады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде