jasqazaq.kz

Мектепте мас оқушы не істеп жүр?

15 наурыз 2017, 14:40

Қарағанды облысы Шахтинск ауданының Долинка кентіндегі жалпы білім беретін орта мектеп оқушысының сабаққа мас күйінде келгені үшін директордың орынбасары мен сынып жетекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Оқушының мас күйінде сабаққа келгені үшін тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары мен оқушының сынып жетекшісі тәртіптік жазаға тартылды», — деді Шахтинск қаласы білім беру бөлімінің басшысы Николай Онсович.

Қаланың бас педагогінің айтуынша, жетінші сынып оқушысы қатты күйзелістен спирттік ішімдік ішкен.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Оның ата-анасының қарым-қатынасында қиындықтар туындаған және бала мұны ауыр қабылдаған. Бұл отбасы жақында Қызылорда қаласынан көшіп келген. Бала жаңа мектепте әзірге бейтаныс балалармен бірге оқып жүр. Осы оқиғадан кейін мектепке бірнеше рет барып, баламен сөйлестім. Оған бұл мектепте оқыған ұнай ма, оқу бағдарламасына үлгеріп жатыр ма деп қызығушылық таныттым. Өзімнің телефон нөмірімді беріп, қажет болса хабарласуын сұрадым», — деді Николай Онсович.

Еске сала кетсек, Долинка кентіндегі орта мектептің жетінші сынып оқушысы сабаққа өлесі мас болып келген еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде