jasqazaq.kz

Мектеп салып жүрген 11 африкалық депортацияланды

03 шiлде 2023, 16:00

Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығару туралы 476 сот шешімі шығарылған.

«Көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығару туралы 476 сот шешімі шығарылды. Мәжбүрлі түрде 70 шетелдік еліне қайтарылды. Барлық шығарылған адамдарға 5 жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Алматы облысының полициясы Қонаев қаласында орта мектеп салу кезінде заңсыз еңбек еткен Африка елдерінің 11 азаматын анықтады. Елде болу мерзімдерін бұзған барлық шетелдік жауапкершілікке тартылды және оларды депортациялау бойынша шаралар қабылдануда.

ІІМ елімізде шетелдіктерді қабылдаушы тарапқа өздеріне келген шетелдік туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге тиіс екендігін тағы да ескертеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы механизм бұзылған жағдайда қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады. Онда жеке тұлғаларға ескерту жасалса, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10 АЕК (1 АЕК — 3450 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

«Осыған байланысты, көші-қон қызметі Қазақстанда шетелдіктерді қабылдайтын адамдарға өздерінде тұратын адамдар туралы полицияға хабарлау нормаларын бұзбауға шақырады», — деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек брифингте.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық