jasqazaq.kz

Мектеп оқушысын «тәрбиелік» мақсатта ұрып өлтіргендердің ісі сотқа жолданды

25 ақпан 2025, 16:26

Ақтөбе облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Темір ауданының Қопа ауылында мектеп оқушысының абайсызда өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру фактісі бойынша қылмыстық іс жолдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, іс облыстық полиция департаментінде тергеліп, процестік прокурор тағайындалды. Ол жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз етті.

Тергеу анықтағандай, өткен жылдың 2 қыркүйегінде Темір ауданының Қопа ауылында 10-сынып оқушылары 11-сынып оқушыларының нұсқауымен 9-сынып оқушыларын «тәрбиелік мақсатта» ұрып-соққан.
Салдарынан кәмелетке толмаған Сыдық Н. ауыр дене жарақатынан көз жұмды.

Тергеу барысында 6 кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды. Олардың біреуі ҚК 106-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелген қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) бойынша сотқа берілді. Қалған бесеуі ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) және 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауды ұйымдастырғаны (Қылмысты ұйымдастыру, ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігі) үшін жауапқа тартылуда.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі