jasqazaq.kz

Мектеп оқушыларына ораза ұстауға бола ма?

04 наурыз 2025, 13:50

Ораза – мұсылманның бес парызының бірі. Оның адам денсаулығына тигізер пайдасы зор екені ғылыми түрде дәлелденген. Алайда оқушылар үшін ораза ұстау қаншалықты дұрыс? Бұл сұраққа медицина мен дін саласының мамандары жауап берді.

Дәрігер Жазира Жұрханқызының айтуынша, қазіргі таңда балалар арасында анемия (қан аздық) кең таралған. Бұл жағдай ораза ұстағанда одан әрі асқынуы мүмкін.

«Оқушылар арасында анемия өте жоғары деңгейде таралған. Соның әсерінен бала әлсіреп жүреді. Сондықтан мен дәрігер ретінде 15 жасқа дейін ораза ұстауға кеңес бермеймін. Себебі бұл жаста бала дұрыс тамақтануды толық меңгермеген. 15 жастан кейін ғана ол таңертең сәресіне тұрып, өзіне қажетті тағамдарды таңдай алатын деңгейге жетеді.»

Дәрігердің айтуынша, тамақтану тәртібіне ерекше мән беру қажет. Майлы, қуырылған, ащы, тұзды, қақталған тағамдар ораза кезінде ағзаға ауырлық түсіріп, тез шөлдетеді. Сондықтан ораза ұстаушыларға табиғи, жеңіл, дәруменге бай тағамдарды тұтыну ұсынылады.
Бұл мәселеге қатысты «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Темірлан Дарханұлы да пікір білдірді.

«Балаларды кішкентай күнінен бастап дінге баулу – ата-ананың міндеті. Ол мектепке апару, үйірмелерге жазу секілді қалыптасады. Дін де солай. Балаға кішкентай кезінен бастап дінді үйрету маңызды. Ораза тұту қашан парыз болады? Ең шекті жас – 15 жас. Сондықтан оқушыларға да, мұғалімдерге де бұл мәселеге түсіністікпен қарау керек,»-деді ол.
Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы балаларының ораза тұту мәселесіне түсіністікпен қарап, баланың жағдайын бақылауда ұстағаны жөн.

Олжас Әбдіхалық

Фото: pixabay.com

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі