jasqazaq.kz

Мектеп оқушысы өртті дыбыспен өшіре алады (видео)

19 ақпан 2017, 11:47

Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Абай Лоран Әлмұхамбетов отты дыбыспен өшіретін құрылғыны құрастырып шықты.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «мен жоғары амплитудалы дыбыс толқындары арқылы өртті сөндіре аламын. Осы құрылғының ерекшелігі сол, дыбыс толқындары өрттің айналасындағы ауаны тарылтып, оттегіні азайтады. Ал оттегі болмаса, от жана алмайды», — деді Абай Лоран ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Атыраулық оқушы өз жобасын «Ұлы Дала мұрагерлері» атты көрме аясында таныстырды. Ол жерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің жетістіктері алғаш рет көрсетілді. Көрме аясында ұлттық қолөнер, көркемсурет, гобелен, панно және тағы басқа қолданбалы өнер саласындағы мектеп оқушыларының өз қолымен жасаған бұйымдары, сондай-ақ робототеxника, ғарыш, мұнай-газ, инфрақұрылым және өңдеу өнеркәсібі бойынша ойлап тапқан жобалары таныстырылды. Шара аясында мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды. Мәселен, Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тағы бір оқушысы Сәттіғали Жолдасбай өз атасына «ақылды тақияны» жасап берді. Ал Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әділ Ордаев өзінің роботтарды «Қара жорғаға» билеткізіп қойды. Айта кетейік, өртті дыбыспен өшіру технологиясын осыдан екі жыл бұрын АҚШ-тың Джордж Мейсон атындағы университеттің студенттері де таныстырған. Олар осы елдің қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу агенттігінің (DARPA) бейнебаянын негізге алды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде