
Индонезия мемлекетінің Сурабая қаласындағы мектеп оқушылары «Ғашықтар күнінің» аталып өтуіне өз қарсылықтарын білдіріп, наразылық акциясын ұйымдастырды.
13 пен 15 жас аралығындағы оқушылар қала көшелерінде шеруге шығып, «Ғашықтар күніне» жоқ деп айтамыз» деген ұран көтерген.
Наразылық акциясын ұйымдастырушылар 14 ақпан күнін «жастарды желіктіріп, жыныстық қатынасқа итермелейтін батыстық мереке» ретінде қабылдайтындарын айтып, бұл мерекені тойлауды тоқтау керек дейді.