jasqazaq.kz

MEGA-ға барсаңыз, дүрлікпеңіз

14 сәуiр 2023, 9:04


Бүгін Алматы қаласындағы «MEGA» сауда ойын-сауық орталығында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы терроризмге қарсы күрес бойынша қалалық жедел штаб өкілдері мәлімдеді.

Терроризмге қарсы күрес бойынша қалалық жедел штабтың мәліметінше оқу-жаттығудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамытып, сақтықты күшейту.

«Оқу-жаттығу міндеттері терроризмге осал объектілерде лаңкестік актінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, оқу-жаттығу кезінде шектеулер қойылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды өткізгелі жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақыру» жазылған хабарламада.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондықтан тұрғындарды дүрлікпей жоспарлы оқу-жаттығу жиынына түсіністікпен қарауға шақырды штаб өкілдері.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура