jasqazaq.kz

Мефедрон жасап, таратқандар он жылға сотталды

08 желтоқсан 2023, 15:36

Жетісу облысы аумағында екі азамат алдын-ала сөз байласу арқылы, мефедрон психотроптық затын дайындау жөніндегі зертхананы іске қосып, сондай-ақ аса ірі мөлшерде (23кг.) психотроптық затты өткізу мақсатында тасымалдауды және сақтауды жүзеге асырған. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы мәлімдеді.
Қылмыстық ниеттерін жүзеге асыру мақсатында олар есірткі затын дайындауға арналған арнайы жабдықтармен жабдықталған үй сатып алған.
Сот үкімімен екі есірткі сатушы да кінәлі деп танылып,әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚР ҚК
297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары бойынша).
Есірткі сату және тарату халықтың денсаулығына қарсы қылмыс болып табылатынын атап өту керек.
Облыс прокуратурасы біздің азаматтарымызға, әсіресе жастарға есірткі өткізу аса ауыр қылмыс және одан түскен «жеңіл ақша» үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде