jasqazaq.kz

Медициналық қызмет көрсетуге бөлінген қаржының 31 млрд теңгесі тиімсіз жұмсалған

27 қантар 2025, 12:58

 

Үкімет сағатында Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов денсаулық сақтау жүйесі мен негізгі мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық байланыс жоқ екенін сынға алды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау, ішкі істер және әділет министрліктерінің ақпараттық жүйелерінің деректерін салыстыру кезінде шетелге біржола кеткендерге 8 млн теңгеге дәрі-дәрмектер ресімдеу фактілері анықталған.

Аудит көрсеткендей, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және Тегін кепілдендірілген медициналық көмек есебінен медициналық қазмет көрсетуге бөлінген қаржының 31 млрд теңгесі тиімсіз жұмсалған. Оның 13,2 млрд теңгесі — Ұлттық қордан.

Тиімсіздіктің негізгі себептері сапасыз жоспарлау, яғни уақтылы құқықтық құжаттарды бекітпеу, қалдықтарды ескермеуге келіп тіреледі. «Қордың республикалық бюджет пен Медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаттарының пайдалануына қатысты қаржылық есептерді Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама аясында қалыптастырып, ұсынбағаны анықталды. Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдары амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге дәрілік заттар бойынша бухгалтерлік есепті жүргізбеу фактілері болған», -деді Нұрлан Нұржанов.

Оның айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нақты медициналық қызмет көрсетпей, яғни тіркелген халықтың жан басына шаққандағы тариф арқылы қаржыландыру тәртібі де назар аударуды талап етеді.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата Үкіметке халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің нақты көлемі үшін қаржыландыру әдісін енгізе отырып, амбулаториялық-емханалық көмек аясында денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру тетігін қарау жөнінде ұсыныс берді.

JQ-Aqparat

Фото: ekaraganda.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі