jasqazaq.kz

Медицина қызметкерін ұрып-соққандар үш жылға сотталады

09 желтоқсан 2024, 12:26

Ашық НҚА порталында Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлеріне қоқан-лоққы жасау немесе күш қолдануға қатысты енгізілетін толықтырулар жобасы жарияланды.

Қылмыстық кодекске екі жаңа бап енгізіледі.
320-1 бабында денсаулық сақтау ұйымы қызметкерінің кәсіби қызметіне араласу немесе оның қызмет міндетін жүзеге асыруына кедергі келтіргендер үшін мынадай жаза түрлері қарастырылды: 200 АЕК дейінгі айыппұл; 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыс; 50 тәулікке дейін мерзімге қамау.
Ал 320-2 бап медицина қызметкеріне өз қызметін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш көрсету немесе күш көрсету туралы айтып қорқытуға 3000 АЕК дейінгі айыппұл, 800 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыс, 3 жылға дейін мерзімге қамау немесе осы мерзімге бостандығын шектеу қарастырылған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі