jasqazaq.kz

Мәжіліс жаңа Салық кодексін бекітті

25 маусым 2025, 12:45

Мәжіліс жаңа Салық кодексі мен ілеспе құжатқа Сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Бейсенғалиев:

«Қаралып отырған заң жобаларын Үкімет Парламент Мәжілісіне 2024 жылғы 28 тамызда енгізген. 2025 жылғы 30 сәуірде Мәжіліс Салық кодексін және оған ілеспе заңды қабылдап, Парламент Сенатының қарауына жіберді. 2025 жылы 23 маусымда олар Парламент Мәжілісіне қайтарылды. Сенат Салық кодексіне 131 түзету енгізді. Оның ішінде 41 позиция бойынша Кодекстің тұжырымдамалық тұстарын өзгертпейтін жаңа нормалар ұсынылды. 70 позиция бойынша мәтін, сондай-ақ өтпелі ережелер мен жекелеген нормативтік құқықтық актілерді енгізу мерзімдері нақтыланған және жетілдірілген. Ал 20 позицияда салық саласында әкімшілендіру бойынша нормалар нақтыланады», — деп түсіндірді.

Ілеспе заң бойынша Сенат 35 позиция енгізді. Олар редакциялық және нақтылау сипатына ие, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілеріне, оның ішінде Сенат енгізген түзетулерге сәйкес келтіруді көздейді.

Берік Бейсенғалиев: «Сенат енгізген түзетулер заңдардың тұжырымдамалық нормаларын өзгертпейді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті Парламент Сенатының Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізетін өзгерістері мен толықтыруларымен келісуді ұсынады, — деді.
Түзету енгізіліп, мақұлданған жаңа Салық кодексі Президентке қол қоюға жіберілді.

JQ-Aqparat

 Фото: kursiv.media

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы