jasqazaq.kz

Мәжіліс «Масс-медиа» туралы заң жобасын мақұлдады

30 қараша 2023, 16:10
Фото: ortcom.kz

Фото: ortcom.kz

Мәжіліс «Масс-медиа» туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатты таныстырған мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік органдардың БАҚ-тың ресми сауалына жауап беру мерзімін 7 күннен 5 күнге қысқарту нормасы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарапынан оң бағаланғанын айтып қалды.
«Заң жобасында «масс-медиа», «грант», «бірыңғай медиа платформа», «Журналистердің құқықтары туралы ұлттық баяндама» деген ұғымдар енгізіледі», – деді министр.
А.Балаеваның айтуынша, заң жобасында мынадай бағыттағы нормалар ұсынылып отыр:
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына қойылатын ескіру мерзімін үш жыл деп белгілеу;
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуларын қарауды жеті жұмыс күнінен бес жұмыс күніне дейін қысқарту;
3. Журналистердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуы туралы ұлттық баяндаманы дайындау.
4. Баспасөз картасын енгізу;
5. Отандық телерадио хабар тарататын спутниктік операторлардың шығындарының бір бөлігін субсидиялау;
6. 2025 жылдан бастап республикалық деңгейде гранттық қаржыландыруға көшу;
7. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою тетігін жетілдіру;
8. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңестер құру.
Депутаттар да, министр де талқылауда айтылған түйткілдер мен ұсыныстарды екінші оқылымға дейін пысықтап, әрқайсысы бойынша ортақ шешім қабылдау туралы пайымға келді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі