jasqazaq.kz

Мәжіліс депутаттары қарғын суға дайындықты қадағалап жүр

11 сәуiр 2024, 18:19

Мәжіліс депутаты Еркебұлан Мәмбетов әріптестерімен бірге Солтүстік Қазақстан облысында жүр. Қарғын суға қарсы іс-шаралар туралы ол өзінің Фейсбук парақшасында былай деп жазды:
«Есіл ауданының Николаевка ауылында 20-дан астам үй су астында қалды. Барлық тұрғындар жергілікті эвакуациялық пунктке қоныстанды. Мен, Мәжіліс депутаттары Дмитрий Колода және Бақытжан Базарбек сол жерде қалпына келтіру жұмыстарымен таныстық. Қазір жергілікті атқарушы органдардың, тауар өндірушілер мен «AMANAT» партиясы еріктілерінің күшімен бөгет тұрғызылып жатыр. Техника жұмыс істеуде.


Біз Шал ақын ауданына барып, Қаратал ауылындағы және Сергеевка қаласындағы су торабындағы жағдаймен таныстық. Бүгінгі таңда су қоймасындағы су деңгейі 4,2 метрден асады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы 76 үй, 174 үй маңындағы аумақ су астында қалып, 634 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 1700-ден астам үй жануары құтқарылды. 19 жол учаскесінде су үстімен өтіп жатыр. Су басу көлемін азайту үшін аудандық және республикалық маңызы бар 8 жол учаскесі ашылды.

Өңірде 305 бірлік техника, 156 мотопомпалар және 22 жүзу құралдары жұмыс істейді, 2 мыңға жуық маман жұмылдырылған. Болжам бойынша 1-2 тәулік ішінде үлкен су Петропавлға жетеді.
JQ-Aqparat

Суреттер: Фейсбук парақшасынан 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі