jasqazaq.kz

Мәуліт кеші өтеді

20 қыркүйек 2023, 17:59

2023 жылы 24-қыркүйек күні сағат 15:00-де Алматы қаласы Республика сарайында «Ізгілік жаршысы — Мұхаммед (с.ғ.с)» рухани мәуліт кеші өтеді. Рухани кештің ұйымдастырушысы – ҚМДБ Алматы қалалық Орталық мешіті.

Мәуліт кешіне зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен мешіт жамағаты және имамдар қатысады. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев жиналған халықты құттықтап, арнайы баяндама жасайды.
Ақын, сазгер Жәкен Омаров пайғамбарымыздың өмірбаянын қазақ тілінде жырлайтын болады. Бұған дейінгі мәуліт мерекелерінде Пайғамбарымыздың балалық шағы, одан кейін пайғамбарлықтың келуі, миғражға көтерілуі, одан кейін хижреттің алғашқы жылдары мен Бәдір соғысы, Ухуд соғысы, хазреті Хамзаның шейіт болуы және хижреттің төртінші, бесінші жылында болған оқиғаларға тоқталған болатын.
Ал, биыл Меккенің фатх етілуі жырланатын болады.
Мәулітке арналған мерекелік шарада «Өнер қырандары» театры ұжымы сахналық қойылымдар қояды. Бұл көріністерде Аллаға тәуекел ету, теріс қылықтардан аулақ болу, дұрыс дос таңдай білу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі т.б. мәнді дүниелер баяндалмақ. Жігер Ауыпбаев және Ердос Қанаев тағы басқа эстрада әншілері иләһи әндер мен термелер орындап, пайғамбарға деген сағыныштарын әнмен жеткізбек.
Сонымен қатар Пайғамбар сүннетін өміріне темірқазық етіп өсіп келе жатқан жас жеткіншектер пайғамбарымыз жайлы поэзия мен монолог оқиды.
Шара соңында Мәуліт рухани кешінің билеттерінен түскен қаражат көпшіліктің алдында мұқтаж кісілерге табысталатын болады.
Шараның басты мақсаты – пайғамбарымызға салауат айту, оның асыл қасиеттерін дәріптеу, халық арасында имандылықты насихаттай отырып, тұрақтылық пен тыныштыққа үндеу болып табылады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі