jasqazaq.kz

Мәулен Әшімбаев тиімсіз шығынды азайту қажеттігін айтты

06 ақпан 2025, 15:36

Бюджет қаржысын көбейтудің тағы бір түрі бар. Ол – үнемдеу, тиімсіз шығындарды қысқарту. Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осыны еске салды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Мәулен Әшімбаев шетелдің тәжірибесін мысалға келтірді: «АҚШ-та Илон Маск басқаратын жаңа министрлік құрды. Қазір ол мемлекет шығынын қысқартумен айналысып жатыр. Әр мемлекеттік органның бюджетін мұқият талдап, қажетсіз деп шығынды қысқартуда. Соның нәтижесінде қанша ақша үнемдейтінін байқап көрейік. Әрине, ешкімнің тәжірибесін сол күйінде көшірудің керегі жоқ. Бірақ шығынды қысқарту мәселесіне біз де назар аударғанымыз жөн».

Сенат төрағасы бюджеттік балансын қамтамасыз етудің бір жолы Үкімет ұсынған салық реформасы есебінен табысты молайту, екіншісі шығыс бөлігін азайту екенін айтты.

Сенат төрағасы: «Біздің жағдайымызда осы екі тетікті де тиімді қолдану маңызды. Сондай-ақ болашақта тиімсіз шығындарға жол бермейтін жаңа ережелер қабылдау қажет», – деді.

JQ-Aqparat

Сурет: gov.kz 

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі