jasqazaq.kz

Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысы қолға алған саясат баршаға тең мүмкіндік беруге бағытталған

01 қыркүйек 2023, 16:02


Мемлекет басшысы қолға алып отырған саясат халықтың әл-ауқатын арттыруға және баршаға тең мүмкіндік беруге бағытталған. Бұл туралы жалпы отырыста Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.
«Жолдау әрдайым ел дамуының басым бағыттары мен алдағы мақсат-міндеттерді айқындап беруімен маңызды. Бұл жолы Мемлекет басшысы еліміздегі экономикалық саясаттың жаңа моделін қалыптастыруға басымдық берді. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі әлемдегі күрделі ахуал мемлекеттердің дамуына әсерін тигізуде. Осындай қиын кезеңде Президентіміз халықтың тұрмыс сапасын арттыруға аса мән беріп отыр. Жолдауда жаңа экономикалық саясаттың нақты әрі тиімді тетіктері анықталды. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жүйелі механизмдері көрсетілді. Бәріне бірдей түсінікті, ашық, әділетті салық саясатын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Инвестиция тарту үшін қолайлы бизнес-климат қалыптастыруға үлкен мән берілді», — деп тоқталды Мәулен Әшімбаев.
Сенат төрағасы Жолдауда айқындалған міндеттерді орындау үшін Сенат депутаттары тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін мәлім етті.
«Мемлекет басшысы қолға алып отырған саясат халықтың әл-ауқатын арттыруға және баршаға тең мүмкіндік беруге бағытталған. Яғни, бұл бастамалар әділеттілік қағидаларының барлық сала жүзеге асуына мүмкіндік жасайтыны сөзссіз», — деп түйіндеді Мәулен Әшімбаев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі