jasqazaq.kz

Мәулен Әшімбаев: Қытаймен визасыз режим тұрақты қалу дегенді білдірмейді

11 мамыр 2023, 13:07

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қытаймен арадағы визасыз режимге қатысты пікірін айтты.

«Визасыз режимге қатысты халыққа дұрыс түсіндіру керек. Қазіргі кезде Қазақстан 50-ге жуық мемлекеттің азаматтарына шектеулі уақытқа визасыз келуге мүмкіндік берген. Олардың арасында АҚШ, Еуропа мен Азия елдері бар. Бұл шешім елімізге туристерді тарту және бизнес аясында келіп жатқан адамдарға тиісті мүмкіндік жасау бағытында ескерілді. Аталған режим шектеулі уақытқа арналған, сондай-ақ оның аясында жұмыс істеуге және Қазақстанда тұрақты қалуға болмайды», — деді ол. Сондай-ақ мұндай режим кейінгі жылдары Қытайға да қатысты қабылданғанын еске салды.

«Кейінгі жылдары Қытай азаматтарының Қазақстанға 14 күнге визасыз кіруге мүмкіндігі бар. Бұл шешім пандемияға дейін қабылданған, яғни бірнеше жылдан бері Еуропа мен Қытай және басқа елдердің азаматтарына осындай мүмкіндік жасалды. Қазір еліміздің сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының Қытайға визасыз баруы туралы мәселені көтеріп жатыр. Осы орайда тиісті келіссөз жүріп жатыр. Бұл біздің азаматтарға тиісті жағдай жасауға арналған», — деді Сенат төрағасы.
Сонымен қатар М. Әшімбаев Қазақстанға визасыз тәртіппен келген шетел азаматтарына жұмысқа орналасуға, елімізде қалуға рұқсат етілмейтінін еске салды. Бұл тәртіп бұзылса, олар жауапқа тартылады. Өйткені туризм, кәсіпкерлік бағытында және туыстарына келуге ғана рұқсат беріледі.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде