jasqazaq.kz

Мәулен Әшімбаев: Абай облысындағы өрт тәртіптің нашар екенін көрсетті

15 маусым 2023, 12:30

Абай облысындағы алапат орман өрт бүкіл жүйенің уақытылы әрекет етпегенін, құрылымдар арасында үйлесім мен тәртіптің жоқ екенін көрсетті. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев: «Абай облысындағы өрт төтенше жағдай кезінде әрекет ету жүйесінің қаншалықты тиімсіз екенін анық көрсетті. Бұл – ақиқат. Мұнымен дауласудың да керектігі жоқ. Өзіміздің тарихымызда бірінші рет осындай өртпен күресіп жатсақ, ол түсінікті болар еді. Бірақ жыл сайын осындай жағдай болады. Былтыр күзде Қостанай облысында үлкен өрт болды. 40 мың шаршы орман, жер өртеніп кетті. Осыған байланысты Үкімет те біраз жұмыс істеді. Сіздер Президент тапсырмасын орындап жатырмыз деп ақпарат та бердіңіздер. Бірақ Абай облысындағы жағдай осы бүкіл жүйенің уақытылы әрекет етпегенін, құрылымдар арасында үйлесімнің, тәртіптің жоқ екенін анық көрсетті, — деді.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, осы саланы түбегейлі өзгертетін, дұрыстайтын уақыт келді.

«Президенттің тиісті тапсырмалары бар. Енді бағдарлама қабылданады деп әріптестеріміз баяндама жасап жатыр. Басқа да шаралар қабылданады. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша біраз іс-шара жүйеге асатыны сөзсіз. Қазір біз бюджетті қараған кезде барлық ұсынысты қолдап, төтенше жағдай кезінде әрекет ететін барлық құрылымды қаржыландыру үшін келесі жылдың бюджетінен біраз қаржы кіргіземіз. Бәріміз олардың дұрыс пайдалануын, олардың мақсатты түрде жұмсалуын, нәтижесі болуын қамтамасыз етуіміз керек, — деді Сенат төрағасы.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі