jasqazaq.kz

Масылдыққа тосқауыл: жұмыссыздарды кәсіптік оқыту жалғасады

30 шiлде 2025, 14:55

Адам бойындағы ең жаман қасиеттің бірі — масылдық. «Алма піс, аузыма түс» дейтін осы қоғам дертіне қарсы күресудің бірден-бір жолы — жұмыспен қамту.
Сондықтан Шымкент қаласында тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы шаралар жүйелі түрде жалғасып келеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек осы бағытта іске асырылып жатқан шараларға тоқталды.
Ол биылғы жылы 770 жұмыссыз азаматты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту көзделіп отырғанын жеткізді. Бұл бастама еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлап, тұрғындарды тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоспарға сәйкес, 610 адам білім беру ұйымдарында оқытылатын болса, тағы 160 азамат нақты жұмыс берушілердің өндірістік базаларында тәжірибелік даярлықтан өтетін болады. Оқыту кезеңінде қатысушыларға ай сайын шәкіртақы төленеді. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарында оқитын азаматтарға – 43 574 теңге, ал жұмыс орнында тағылымдамадан өтетіндерге – 78 640 теңге көлемінде қаржылай қолдау қарастырылған.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы арқылы стилист-шаштараз, визажист, бухгалтер-кассир, аспаз, кондитер, тәрбиеші көмекшісі, тігінші-пішуші, автомеханик, слесарь-сантехник, электрогазбен дәнекерлеуші, электрик, киім дизайнері, кестелеуші сынды мамандықтарды игеруге мүмкіндік беріледі. Бұл мамандықтар қазіргі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие болып отыр.
Азаматтардың оқуға қатысуы үшін алдымен аудандық мансап орталықтарына барып, “жұмыссыз” мәртебесін алуы қажет. Тиісті мәртебеге ие болған тұрғындар ғана кәсіптік оқуға өтінім бере алады.
Аудандық мансап орталықтары келесі мекенжайларда орналасқан:
• Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3;
• Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106;
• Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201;
• Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89;
• Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50.
Осылайша, Шымшаһарда жұмыссыз азаматтарды қолдау және кәсіби тұрғыдан дамыту – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде басым бағыттар қатарында қала бермек.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі 

 

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті