jasqazaq.kz

Мәскеудегі Қазақ қоғамының басшысы Ресей әскері туралы жалған ақпарат таратты деп айыпталды

04 қантар 2024, 12:06

Осындай айыппен қылмыстық қудалауға оның әлеуметтік желіге қаза тапқан ресейлік әскерилердің саны туралы жариялаған жазбасы себеп. Бұл жайында ТАСС агенттігі хабарлады.

Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеудегі Қазақ диаспорасының басшысы Полат Жамаловқа осы елдің қарулы күштеріне қарсы жалған мәлімет таратты деген айыппен қылмыстық іс қозғады.

«Мәскеудегі Қазақ қоғамының басшысы, 1944 жылы туған Полат Жамаловқа қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 207.3-бабының 1-бөлігі (РФ Қарулы күштерін пайдалану туралы қасақана жалған ақпаратты жария ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген ТАСС ақпаратында.

Аталған бап бойынша ең аз дегенде жеті жүз мың рубль мөлшерінде айыппұл төлеу, ең көбі бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, Полат Жамалов Мәскеудегі қазақ диаспорасының беделді ақсақалдарының бірі ретінде танымал. Ол отыз жылдан астам уақыт бойы Ресейдегі қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін сақтау мен дамытуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметпен айналысып келеді. Өткен жылдары Мәскеу қазақ өлкелік ұлттық-мәдени автономиясында, Мәскеу қазақ диаспорасы қорында және Мәскеу ұлттар үйінде басшылық қызметтерді атқарған. Қазіргі уақытта Қазақтың этникалық мәдениетін сақтау және дамыту коммерциялық емес ұйымдар одағының тең төрағасы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде