jasqazaq.kz

Мәшинеге 12 миллион теңге беріп, тақырға отырды

20 қыркүйек 2024, 10:28

Қымбат машинаны арзанға аламыз деп алаяққа ұрынған.  Су тегінге көлікпен қоса, үй, тіпті жер телімін алуға көмектесемін деген азаматқа сенген алматылықтар енді прокуратураның алдын торуылдап жүр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Айтуларынша, өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған кісіге кемі 1 миллионнан 12 миллион теңгеге дейін ақша ұстатқан. Алданғандар тақырға отырғызып кеткен ер адамның тиісті жазасын алып, қаражатын қайтаруды талап етуде.

Алматыдағы прокуратураның алдына жиналғандардың зары бір — көбі көлік мінеміз деп тақырға отырған. Соның бірі —  Аделина Серікова. Ол кореялық автокөлікті арзанға алмақшы болыпып, алғашқы жарнасын қарызданып төлеп қойған.

Аделина Серікова: — Бөліп төлеп, кореялық көлік алып беремін деді. Қызыл түсті көліктің суретін де көрсетті.  Жалға алынған машина екен. Оған сенбедім. Қызыл құжатын көрсетті. «Міне, сенбесең, прокуратурада жұмыс істеймін» — деді. Өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған азаматқа Гүлмира Байгөзовада алданған.  Келіншек бір емесғ екі көлік аламын деп, алғашқы жарнасына 12 млн теңгесін құйған. Содан бері не темір тұлпар, не ақша да жоқ дейді.

JQ-Aqparat

 

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі