jasqazaq.kz

Мас жүргізушіні ұстау операциясы (видео)

15 наурыз 2017, 18:47

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан Желіге мас жүргізушіні ұстау кезінде түсірілген видеоны жариялады.

«Бір рөмкені ішкен соң көлікті басқаруды ойға да алмау қажет. Бұл барлығына қатысты ереже. Бірнеше грамм алкоголь ішімдік ішкен адамның көлік жүргізгенінен жазықсыз адамдар зардап шегуі немесе қаза болуы мүмкін», — дейді Данияр Мейірхан Facebook желісіндегі парақшасында. Ол Шымкент қаласының полицейлерінің екі ай ішінде 160 жүргізушіні мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартқанын айтты. «Көп жағдайда мас жүргізушілер ештеңе бола қоймас деп емін-еркін жүргізе береді. Ол дегеніміз жол қозғалысы ережесі жол апатынан зардап шеккен адамдардың қанымен жазылды емес пе?», — деді ол. Tengrinews.kz хабарлағандай, ол адамдар заң алдындағы жауапкершілікті ғана емес, өзінің ар-намыс жауапкершілігін ойлауы керектігін айтады. «Ішіп алып рөлге отырғысы келетін адамдардың жанында оған автомобильді жүргізуге рұқсат бермей, тоқтатып қалар, қателікке бой алдыруға жол бермес немесе полицияға хабарлап жағдайды түсіндіретін адамдар болады деп үміттенеміз. Осындай әрекеттер ғана жүргізушінің және оның алдында кезіккен адамдарды аман алып қалады. Әйтпегенде жол апатынан қаза болғандар тізімі көбейе береді», — деді Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде