jasqazaq.kz

Маржан Арапбаева: «Бақыттырақ болу үшін, мұрнымды жасаттым» (Видео)

14 мамыр 2025, 16:42

Әнші Маржан Арапбаева эстетикалық процедуралар жайлы ұялмай, ашық айтады және бұл тақырыпта ешқандай тыйым жоқ деп санайды. Ол Jas Qazaq тілшісіне жалпы сұлулық жайлы және өнер жолындағы жаңалықтарымен бөлісті.

-«Мен ұялмаймын, ұялған да емеспін. Бақыттырақ болу үшін, мысалы, мен мұрнымды жасаттым. Кейбір әйелдер мүлдем ешқандай эстетикалық процедура жасатпаған. Олар маған мұндай нәрсе керек емес дейді. Бұл — әркімнің таңдауы. Ал өз-өзімен жұмыс істейтін адамдар спортпен айналысып, өзін күтіп, косметика қолданады, сөйтіп бақытты сезіну үшін өз өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келеді деп ойлаймын», — дейді ол.

Өнер жолында Маржан Арапбаева өзін тек әнші ретінде ғана емес, композитор және ақын ретінде де танытып келеді. Оның әндерінің басым бөлігі — өз қолынан шыққан туындылар.
-«Қазіргі таңда жаңа әндер жазылып жатыр. Әндерімнің 95 пайызын өзім жазғанмын. Соңғы кездері тек композитор ғана емес, ақын болып кеткен жағдайым бар. Жақында ғана “Мама, айтшы” атты жаңа әнім жарыққа шықты. Бұл әннің де сөзі мен әуенін өзім жаздым. Осындай толыққанды туындылар тыңдармандардың жүрегіне бірден жол табады деп ойлаймын», — дейді өнер иесі.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі