jasqazaq.kz

Маржан Абдуллаева: Болашақты баянды, келешекті кемел қылатын- жастар

23 мамыр 2023, 15:38

Киелі Түркістан өңірінің жастары қай салада болмасын белсенді. Өңірде жастардың дамуына ерекше назар аударылып, аудандық жастар ресурстық орталықтары қарқынды жұмыс істеуде. Біз бүгін тілге еткелі отырған сондай орталықтың бірі — Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында. Jasqazaq.kz ақпараттық порталының тілшісі Қазығұрт жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Маржан Абдуллаевамен сұхбаттасып, аудан жастарының тыныс-тіршілігімен танысты.

— Маржан Тағайқызы, Түркістан облысыдағы Қазығұрт ауданы жастарының белсенділігі қандай?

— Кез-келген мемлекет өзінің болашағын тікелей жастармен байланыстыратыны баршаға аян. Өйткені ертеңгі елдің болашағын баянды ететін де, келешегін кемел қылатын да – жастар. Енді біздің өңірдегі жастар саясаты жоғары деңгейде деуге болады. Себебі ауданымыздың білімді де белсенді жастарының бас біріктіруінің арқасында көптеген іс-шаралар өткізіліп жүр. Ауқымды жобалар шеңберінде жастарымыз конкурстарға қатысуда. Сонымен қатар, мәдениет және спорт саласында да облыстық, республикалық, халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Бұл біздің аудан үшін үлкен жетістік, зор мақтаныш деп санауға болады. Мерекелік іс-шаралардың ұйымдастырылуынан бастап, табиғи апат зардаптарын жою, ағарту жұмыстары мен әлеуметтік жобалардың жүйелі түнрде жүзеге асуына өзіндік үлес қосады. Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп күнтізбеде белгіледік. Бұл атаулы күннің де жастар үшін пайдасы мол. Олар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезініп, туған елінің өркендеуіне үлес қосу мақсатында болашаққа қарай ұмтыла түседі.

— Ауданда еріктілік ісі дамыған ба? Жастардың ерікті болуға деген ықыласы қандай? Мәселен, қандай іс-шаралар ұйымдастырылды?

— Әрине, бар. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан «Ерікті болу — ерлік» атты ерікті жастар клубы жасақталған. Сондай-ақ Жігерген ауылдық округінде «Жігерген жақұттары» деп аталатын еріктілер клубының ерікті жастары атаулы әрі тындырымды шаралардың қасында жүр. Мәселен, әлемді жаулаған короновирус пандемиясы кезінде Жігерген ауылындағы «Әжелер алқасымен» бірге ауыл тұрғындарына бетперде тігіп таратып, арнайы медициналық қобдишаға дәрі-дәрмектер салып халыққа үлестіру жолында ерінбей еңбек ете білді. Өзіміздің аудан аумағында қатты жауын салдарынан болған сел кезінде де әр ауыл округінен құрылған еріктілер тұрғын үйлерді тазарту, көшелерді тазалау жұмыстарына жұмыла кірісіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, көпке үлгі болатын істің басы-қасында болды.

Жақында Қазығұрт ауданы Қарабау ауылдық округі «Жамбыл» мектебінің ауласына отбасы ағашы отырғызылды.
Бұл да ауылдық жердегі еріктілердің бастамасымен өткен шара. Ағаш отырғызу шарасының басты мақсаты жай ғана ағаш отырғыза салу емес, ең бастысы — осы шараға отбасыңмен қатысу. Отбасының басты міндеті — баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.
Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Жоғарыда айтып өткен іс-шараның діттегені де осы-отбасы құндылықтарын алдыңғы орынға қою.

Сонымен қатар аудандық Жастар ресурстық орталығының еріктілері көктем мезгілінен бастап күзге дейін әр айдың сенбісінде ауылды жерлерді абаттандыру бойынша сенбілік өткізеді. Бұл шараға еріктілерден бөлек, аудан тұрғындары да белсене атсалысады.

— Жастардың жұмыспен қамтылуы, уақытын тиімді өткізуі қалай жүргізілуде?

— Қазіргі таңда аудан көлемінде Жастар ресурстық орталығы КММ-нің септігімен түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіледі. Сол іс-шараларға белсенді түрде атсалысып, өздерінің тұлғалық дамуы үшін ерікті түрде орталықпен тығыз қарым-қатынастағы жастарымыз көп. Ауданымызда Жұмыспен қамту бөлімімен бірлесе отырып, тығыз қарым-қатынаста аудан жастарын мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған «Жастар практикасы» бағдарламася шеңберінде жұмыспен қамту шаралары жүргізіледі. Жаңадан оқу бітіріп, дипломын қолына алған жас мамандарды барынша жұмысқа тарту — біздің басты мақсатымыздың бірі. Қолынан іс келетін әрбір жасты жұмыспен қамтуда аянып қалмай, көмек беретінімізді жеткізгім келеді. Жастардың білім алуы мен кәсіппен айналысуына барынша жағдай жасалады.

— Аудан жастары мемлекет тарапынан жасалған бағдарламалармен таныс па?

— Қазығұрт ауданында кәсіп ашуға ниетті жастар қатары күннен-күнге артуда. Себебі мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдетілген несиелер, гранттар, сонымен қатар түрлі шағын қайтарымсыз гранттар жайында ұдайы хабардар етіледі. «Серпін-2050» бағдарламасымен оқуға қабылдайтын жоғарғы оқу орындарының мамандарымен бірлесіп, мектеп түлектері арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Бағдарлама мақсаты — халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама іске қосылған алғашқы жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан болатын. Кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарын қамтытла бастады. «Серпін» бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мемлекеттік бағдарламалар бойынша NEET санатындағы жастарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары барысында жастар мамандары тұрғын үйлерді жеке аралап жұмыссыз жастарға, «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Жасыл ел», «Бастау-Бизнес» және «Ұрпақтар келісімшарты» жөнінде мәліметтер берілді. Сондай-ақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде іске асырылатын шағын несие мен 21 жастан 35 несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар таратылды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кездесулер мен насихаттау жұмыстары жылдың соңына дейін жалғаспақ. Жастар ресурстық орталығы мұндай шаралардан шет қалып отырған жоқ. Жастарды осы бағдарламалармен ақпараттандыру барысында тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда ауданымызда 21-35 жас аралығындағы жастарға 2,5 пайыздық шағын несие қарастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Соған орай, өз кәсібін бастағысы келетін жастардың қатары артып келеді. Бұл бағдарламада кәсіптің басқа түрі үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы үшін 7 жылға арналған 2,5 пайыздық номиналды сыйақы мөлшерімен 5 млн теңгеге дейін гранттар берілуде. Қазіргі таңда осы бағытта жан-жақты жұмыс жүруде. Оған қоса, ауданымызда түрлі бағыттағы кәсіп ашқан жастарымыз көп.

Мақпал Ноғайбаева,
Түркістан облысы
Суреттерді ұсынған: Қазығұрт аудандық жастар ресурстық орталығы

13 мамыр, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
13 мамыр, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті